Айг?лек балалар бай?ауы сценарий

Зауырбекова Акмарал СериковнаТа?ырыбы: Айг?лек ?н-би бай?ауы.Ма?саты: О?ушыларды? музыка саба?ынан ал?ан ?нер білімдерін тияна?тау. ?нердегі шы?армашылы??а ?ана

Зауырбекова Акмарал Сериковна

Тақырыбы: «Айгөлек» ән-би байқауы.

Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған өнер білімдерін тиянақтау. Өнердегі шығармашылыққа қанат қақтыру. Қазағымыздың өнері, ән-би саласына оқушыларды баулу.

Көрнекілігі:

Банер, музыкалық фонограмма, шарлар.

Барысы:

1. Оқушыларды таныстыру.

2. Өнерлерін көрсету.

Жүргізуші: Армысыздар, өнер сүйер қауым! « Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қаз өсер» дегендей халқымыздың жас ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Ата баба үрдісін мектебімізде бас назарда ұстап, түрлі тәрбиелі шаралар ұйымдастыруда. Соның айғағы ретінде бүгін өткелі отырған «Айгөлек» ән-би байқауына қош келдіңіздер!

Әрбір сайыс- жарыстарды бағалайтын,

Әрбір жанның өз өнерін даралайтын.

Сәлем бердік әділ қазы алқасына

Баға беріп. Бал санаудан жаңылмайтын.

Сайысымызды бастамастан бұрын әділқазылар алқасымен

таныс болыңыздар.

Таңданайық өнерге, тамсанайық,

Бәрімізде қосылып ән салайық.

Шабыттансын, көңіл көтерілсін.

Өнерліні мадақтап жар салайық.-

демекші, 2 «ә» сынып оқущысы Жолмухамбет Жанельдің орындауындағы әнді тыңдаңыздар!

Жүргізуші:

Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жараса төгілсін қос бұрымымен.

Бұл күнгі сұлулықтың сыры осы,

Қыздар сұлу көрінер биіменен

дегендей 2 «в» сыныбындағы Серік Айым «Өзбек» биін билейді.

Жүргізуші:

Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың.

Гүліңмен балауса,

Көктемдей құлпырдың.

2 «в» сынып оқушысы Төлеуберді Санжардың орындауындағы «Апа тұған күніңммен» әні

Жүргізуші:

Достарым бар қуанып,

Тамашалар, кештерді

Талшыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде.

2 «ә» сынып оқушылары балдырғандар тобы «Көбелек» биін билейді.

Жүргізуші:

Анам- менің жүрегім,

Әкем –менің тірегім.

дегендей 2 «в» сынып оқушысы Жапсарбек Бекнұрдың орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Ер өзбек ұлтының,

Еркін бірлік салтымыз.

Жалындаттық достықтың,

Жанымыз от жарқынбыз.

демекші 3 «ә» сынып оқушысы Бақыт Албина « Өзбек биі» тамашалаңыз.

Жүргізуші:

3 «ә» сынып оқушысы Көшкенбакева Ақтотының орындауында «Ақ тілек» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

демекші, 3 «г» сынып оқушысы Бәйдібек Аңсағанның «Наурыз» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

3 «в» сынып оқушысы Қажымұқан Айбегімнің орындауында «Ақбұлақ» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

3 «г» сынып оқушысы Үдереева Жания «Испан» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

3 «г» сынып оқушысы Сүйінші Айғаным «Желсіз түнде жарық ай» әнімен

Жүргізуші:

4 «б» сынып оқушылары «Айгөлек» тобының биі «Үнді» биі

Жүргізуші:

3 «ә» сынып оқушысы Абикен Исламның орындауында «Бұлқынды жүрек» әні

Жүргізуші:

Әсемдік сұлулықты жиған бойға,

Қыздар ғой көркін берген кең далаға.

Қыздар-гүл, қыздар нәзік бұл әлемде,

Қыздар-ол болашақта асыл ана.

дегендей 3 «ә» сынып оқушысы Бақыт Албинаның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыдар.

Жүргізуші:

4 «б» сынып оқушылары «Айгөлек тобы» «Қазақ ұлттық» биімен

Жүргізуші:

4ә сынып оқушысы Сұлтанәлі Нұргүлдің орындауында «Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

4 «в» сынып оқушысы Әбілсейіт Айданың мыңбұралған биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

3 «б» сынып оқушысы Араратқызы Еркежан «Мектебім» әнімен

Жүргізуші:

3 «д» сынып оқушысы Бақытқызы Ұлту «Ана» әнімен

Жүргізуші:

3 «д» сынып оқушысы Қыдырбай Эленора, Сайлаубек Нұрай «Шұғыла» тобының биі «Қаражорғаны» тамашалаңыздар.

Қорытынды: сайыс соңында әділқазылардың шешімі бойынша алғашқы үш орынды алған отбасыларға мадақтау қағаздары тапсырылады.

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Бала деген бір бақыт!
Балаларды қорғау күніне арналған сценарий

Мақсаты: балалардын жеке қасиеттерін дамыту,тақпақ,әндерді нақышына келтіріп айтуды үйрету, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Барысы: 

Музыка ойналады. Залға Ханшайым мен ақ періште кіреді.

Хан-м: Қандай ғажап әлем! (таң қалып қарайды )Біз қандай елге келдік, ақылды періштем?

Періште: Бұл «Қарлығаш» балабақшасы балдырғандар елі.Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімді,өнерлі балалар тұрады. Қазір мен шақырайын балаларды.

Тақпақтар.

(Осы кезде ортағак бір топ бала шығады, тақпақ айтады)

Балалар бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой.

Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп,

Кел қосылып,ән шырқайық,би билеп.

Ән айтайық қосылып,

Сәбилердің бұл күні.

Мақтап кетсін осы жұрт,

Балалар деп үлгілі.

Алақай-ау,алақай,

Той тойлайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық балақай.

Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын көк аспан.

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Гүлмен келсін келер күн,

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,

Көркі,сәні әлемнің.

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз,данамыз.

Ертеңгі күні еліміздің,

Батырлары боламыз.

Бала,бала баламыз,                                      Қазақстан даласында

Бақшамызға барамыз.                                 Жарасады сәніміз.

Күні бойы қызыққа,                                    Балабақша аясында,

Батамыз да қаламыз.                                   Жадырайды таңымыз

Хан-м: Ой қандай,керемет! Мен бүгін әлемдегі өте адал,мейірімді,өнерлі,білімпаз балалардың өмірін көріп,солардан өнеге алғым келеді деген тілекпен келдім.

Періште:Олай болса,бүгін міне тілегін орындалып «Қарлығаш» балабақшасы балаларының  өнерін тамашалауға келдің.Бірігіп бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.

Хан-м: Жақсы, ақылды періштем.

Періште: Бүгін бізде мереке,

Қуанышта балалар.

Хош келдіңдер,хош келдіңдер,

Ата-ана,қонақтар!

-Құрметті «Қарлығаш» балабақшасының көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз!Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!Болашақтарыңыз жарқын,аспандарыңыз ашық болып.елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар демекпіз.Бүгінгі ертеңгілімізге «Ертегілер әлемінен» кейіпкерлер келіпті.Олай болса бүгін біз «Мақтақыз бен мысық» ертегісіне саяхат жасап көрейік.

(Ертегі басталады. Мақтақыз үй жинап жүреді)

Автор:Ерте-ерте-ертеде өзінің әдемі үйінде Мақтақыз тұрып жатыпты.

(Музыка қойылады,Мақтақыз диванда ұйықтап жатады,керіліп тұрады)

Мақтақыз: Қой мен үйімді жинап алайын. (шаңды сүртейін,ыдыс жуайын,үй сыпырайын) Үй жинап жүріп мейіз тауып алады. Сылқ етіп диванға отыра қалады.)

-Уһ,мен шаршадым.Менің мысығым қайда?Муся,Муся қайдасың?

(Керіліп,созылып мысық кіреді )

Мысық:  Сәлеметсіңдер ме,балалар. Менің атым муся. Мені бәрі жақсы көреді. Мен жұмсақпын,әдемімін. Менің әдемі бантигім бар. Не болды, Мақтақыз,мені неге шақырдың?

Мақтақыз: Сен неге келмей қойдың?Мен сені бағанадан шақырып жатырмын.Маған үй жинауға неге көмектеспедің?

Мысық: жоқ көмектесе алмаймын,мен ұйықтағанды жақсы көрем.

Мақтақыз: олай болса мен сенің бантигінді жұлып алам.

Періште: Мақтақыз мысықтын бантигін жұлып алады.

Мысық: Мяу-мяу, менің әдемі бантигімді берші, ендеше мен сенің сүтіңді төгіп тастаймын. (сүтін төгіп тастайды)

Мақтақыз: Ал сен менің сүтімді қайтар,сосын бантигінді берем.

Мысық :мен сүтті қайдан аламын?

Мақтақыз: сен сиырға бар.

Періште: Сонымен мысық сиырдан сүт алуға аттанады.Алдынан әндетіп келе жатқан сиыр шығады.

Сиыр: Сүт беретін сиырмын,

Құрт беретін сиырмын.

Күнде мені тойғызсаң,

Тояды менің бүйірім.

Мысық: Сиыр,сиыр маған сүт берші.

Сиыр: Ал сен маған өлең айтып бер және жапырақ әкеп бер.Менің қарным ашты.

Мысық: Жарайды,сиыр, менің Айшат деген досым бар.Саған өлең айтып берсін.

Хан-м: Ақылды балапан бүгінгі,

Көркейтер күніңді ертеңгі.

Үйренген өнерін көрсетсін,

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ән: «Балапан»

Мысық: енді ағашқа барайын,ол маған жапырақ беретін шығар.

(Мысық әндетіп,билеп жүріп ағашқа келеді)

Ағаш: Мен ағашпын саялы,

Тым үлкенмін,мықтымын.

Адамдарға пайдалы,

Жапырағым жайқалған.

Мысық:Сәлем,ағаш. Маған жапырақ берші.

Ағаш: Сәлем,мысық. Мен күні бойы далада ыстықта тұрам.Қатты шөлдедім.Маған су әкеп берші.

Мысық: Жақсы,ағаш,қазір әкеп берем.

Періште: — мысық келе жатса алдынан су әкеле жатқан қыздар шығады.

(Қыздардын қолдарында шелек,билеп кіреді)

Мысық:қыздар,қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: ал сен бізге не бересің?

Мысық: мен сендерге дүкеннен сағыз әкеліп берем,сосын менің досым сендерге арнап ән айтады.

Періште: Ерқанаттын орындауында «Қошақан» әнін тыңдайық

Ән: «Қошақан» 

Періште: Мысық жүгіріп отырып дүкенге келеді.

Дүкенші:   Келіңіздер,келіңіздер,

Дүкенімді көріңіздер.

Кәмпит,сағыз сатамын да

Тәбетіңде ашамын.

Мысық: Дүкенші,дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші: Мен бүгін  қатты шаршадым.Менің көңілімді көтеретін сен не істей аласың? Маған дүкенге жұмыртқа керек.

Мысық: Мен таптым,таптым.Саған әдемі қыздар ән айтып берсін.

Дүкенші: Жақсы,қане,тыңдап көрейін.

Хан-м: Құшағымыз қызыл гүл,

Гүлмен келсін келер күн.

Балалардың күлкісі,

Көркі ,сәні әлемнің.

Ән: «Зеңгір көктем»

Періште: — мысық әбден шаршап, шалдығып тауыққа келеді.

Тауық: Мен тауықпын,тауықпын,

Көп жұмыртқа тауыппын.

Уақыт зулап өткенін,

Байқамай да қалыппын.

Қыт-қыт,қыт-қыт,

Байқамай да қалыппын.

Мысық: Сәлем,тауық. Маған жұмыртқа берші.

Тауық: Мысық,сен менің шөжелерімді көрмедің бе?Мен таба алмай тұрмын, шөжелерімді тауып берсең,мен саған жұмыртқа берем,сосын маған тары әкеп бер.

Мысық: шөжелер өзен жағасында жүрген ,қазір шақырып келейін.

Періште: Өнер десе өрілген,

Биіктерден көрінген.

Бишілерді шақырсақ,

«Шөжелерім» биімен.

Би: «Шөжелер»

Періште: Сонымен мысық тышқанды іздеуге кетеді.келе жатса алдынан жүгіріп жүрген тышқанды көреді.

Тышқан: Мен кішкентай сұр тышқан,

Мысық көрсем зыр қашқан.

Қыстын қамын,жаз ойлап,

Тары,бидай тез табам.

Тышқан жүгіріп жүреді.

Мысық: Әп,бәлем ұсталдың ба,қане жаныңның барында айт,ініңде не бар?

Тышқан: Ой мысық,мені босатшы,үйімде бір табақ тары бар.Мен саған тары да берем, ән де айтып берем.Менің Самина досым ән айтып берсің,ал мен саған тары берем.

Мысық: Қане, көрсет өнеріңді.

Ән: «Бөбектер әні»

Тышқан: Міне, мысық,саған тары берем.Бүгін балалардын мерекесі ,ренжісуге болмайды.

Мысық: Иә.тышқан саған да рахмет.

Періште: Сонымен тышқан үйіне барып,бір уыс тары әкеліп береді,мысық тарыны апарып тауыққа береді,тауық жұмыртқа береді,жұмыртқаны алып дүкеншіге береді,дүкенші сағыз береді,сағызды қыздарға береді,қыздар су береді, суды ағашқа апарады,ағаш жапырақ береді, жапырақты алып сиырға береді,сиыр сүт береді.сүтті алып Мақтақызға береді.

Мысық: Міне,Мақтақыз мынау саған сүт.Енді қатық жасауына болады. Бүгін мереке екеуміз дос болайық.

Мақтақыз: Иә,муся ренжісуге болмайды, тату-тәтті болайық.

Періште: Ханшайым ,саған бүгінгі мереке ұнады ма?

Хан-м: Иә, мен бүгін осы балалардан көп өнеге алып, енді бойыма жақсы қасиетерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.

Періште: Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын.

Ата-ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе балбұлақтан жалғайтын.

Хан-м:    Сүйкімді періштелер сендерсіңдер,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да,ғарышкер де,ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Періште: Қымбатты балалар,бүгінгі мерекелерің құтты болсын. Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың  ұзағынан болсын. Осымен «1 маусым балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Балаларды мерекелік дастарғанға шақырамыз!

Басқа материалдар

Сценарий 1 маусым: БАЛАЛАР күні«Әрқашан күн сөнбесін»
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені,
МКҚК «Рауан» балабақшасының музыка жетекшісі Омарова Аралкул
Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты өткізілген
балалар концертінің сценарийі.

«Рауан» балабақшасының кішкентай тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен дайындалған «Саңырауқұлақ» ертегісі.

«Көбелек» биімен сахнаға бүлдіршіндер шығып билейді.
Бала тілегі Орынд: Ф. Амантай
Музыкалық фонмен сахнаға жүргізушілер шығады.
1 – Жүрг: Жаны құмар сәби ек жаңалыққа
Шаруасы жоқ паңдық та даналық та
Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай
Бар бақытты сиғызған балалыққа
2 –Жүрг: Мәңгі өзгермес бақыты, бақ қадірі
Секілді жұпар шашқан бақша гүлі
Адамзаттың сарқылмас сағынышы
Балалықтың бал дәурен патшалығы
1 – Жүрг: Армысыздар аталар мен әжелер
2 –Жүрг: әкелер мен аналар
1 – Жүрг: ағалар мен жеңгелер!
2 – Жүрг: Бармысыздар егеменді еңселі елімізде
1 – Жүрг: Ашық аспан астында
2 – Жүрг: Бейбіт те, тыныш заманда
1– Жүрг: алаңсыз асыр салған, күлкілері күміс, қылықтары балдай бал-бөбек бүлдіршіндер!
2 — Жүрг: Жарқын жаздың алғашқы күні 1 маусым — бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн. Себебі бұл күн — балалардың төл мерекесі.
1 – Жүрг: Ендеше бүгінгі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні
мерекесі
Бірге: құтты болсын!
2 — Жүрг: Адамның өмірге деген құштарлығын еселей түсетін құдірет ол – ұрпағыңның өсіп ер жетіп, азамат болуы.
1 — Жүрг: — Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді.
2 – Жүрг: Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.
1 — Жүрг: Сәби үнімен, сәби күлкісімен мынау жарқын дүние жасара түспек. Олай болса кіршіксіз таза, ақ көңілді, адал жүректі сәбилеріміз аман болсын – дейік!
2 — Жүрг: Ашық аспан аясында,
1 – Жүрг: Нұрын шашқан күн сәулесіндей, біздің балдырғандарымыз
Бірге: бақытты өмір сүрсін!
1 — Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
2 — Жүрг: Күлкісімен келтірген өмір сәнін
1 – Жүрг: Бүгінгі мерекеде сіздерге арнап
2 — Жүрг: Бар өнерін көрсетсін балаларың
1 – Жүрг: Ендеше қадірлі қонақтар! Өнерлі балаларыңыздың сіздерге арнағалы тұрған мерекелік бағдарламасын
Бірге: қабыл алыңыздар!
«Әке» әнімен болашақта әнші болғысы келетін өнерпаз балаларыңыз Бейбарысқа қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Таудай болған талабы,
Кім сүймейді баланы.
Бақшалардан басталған,
Сәбилердің қадамы
2 – Жүрг: Ой, Гүлфайруз. Сен тақпақты керемет айтады екенсің.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Есіңде ме, кішкене кезімізде біз де осы бүлдіршіндердей тақпақ айтып өскен бала едік, қазір сахнада концерт жүргізіп тұрмыз.
2 – Жүрг: Ендеше, біздей үлкен азамат болсын дей отырып тақпақ айтамын деп тұрған бүлдіршіндерімізді қошеметтеп сахнаға шақырайық.
Тақпақ оқиды.
«Қарлығаш» әнімен кішкентай әнші бүлдіршініміз Жанеркені қошеметпен
Бірге: сахна төріне шақырайық.
1 – Жүрг: Жанарынан шуақты,
Арайланды таң нұры.
Кішкентай күн сияқты,
Балғындардың барлығы.
2 – Жүрг: Балдырғандар талабы,
Міне жаңа басталды.
Қуана қарсы алалық
Жақсы би мен жақсы әнді.
Орталарыңызда « Заманауи биімен» өздері әнші, өздері биші болашақтарынан зор үміт күттіретін қыз — жігіттерімізді
Бірге: қарсы алайық!
2 – Жүрг: Ұлан байтақ қазағымның жері бар,
Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
1 – Жүрг: Жаса! Жаса! Егеменді еліміз
Кең жазира ұлан – байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз
Жүрегі туған елім, туған жерім деп соққан әнші қыздарыңыз Асылзатты Туған жер әнімен
Бірге: Ортаға шақырамыз.
1 жүрг: Ана — сарқылмас бұлағың, таусылмас қазынаң. Мынау өмірдің өзі анамен қымбатты. Шуағымен жарық шашса, мейірімімен әлемді жылытады.
2 – Жүрг: Осындай аналарымызға бас ие отырып, Аружан қыздарыңыз сіздерге
«Апатайым анашым» әнін тарту етеді. Сонымен сахнада
Аружан. Қошемет көрсетейік ағайын!
1 – Жүрг: Бал балалық балдырған шақ сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Балдырғандар әндетіңдер, билеңдер
Орындалсын ойларыңдағы бар арман
2 – Жүрг: Отанменен бірге біздің жанымыз
Жарасып тұр әніңіз бен сәніңіз
Бірлік қонған ұлан – байтақ елімде
Өмір сүрген бақыттымыз бәріміз
Сахнада «Батырлар» биімен биші өнерлі ұлдарыңызды
Бірге: қарсы алайық.
2 – Жүрг: Гүлфайруз, біздің бүлдіршіндеріміздің барлығы өнерлі екен. Шіркін, менің де балдырған шағым еске оралып тұрғаны.
1 – Жүрг: Иә, Гүлбану. Балалық шақ бал дәуренге не жетсін! Алғаусыз күлкі, ниет – пейілдерін айтсайшы — тап -таза тұнық, көңілдері де сондай мөлдір, ерке мінез – бәрі – бәрі балалық шақтың белесі.
2 – Жүрг: Туу, балалық шаққа бір барып қайтсам ғой. Ата-анаң айтқаныңды екі етпей орындап, аға-апаң еркелетіп…
1 – Жүрг: Қой Гүлбану, мына балалардан ұят болар. Онан да ерке қызымызды ортаға шақырып, қалай еркелейтінін көрейік. Ерке қыз әнімен ортаға
Бірге: Мерейді шақырамыз.
1 Жүрг: Мөлдір сондай тұп-тұнық
Жүрегінің пәктігі
Қардай аппақ жоқ кіршік
Сезімінің ақтығы
2 Жүрг: Жанарының жарқылы
Жанып салар жан сырын
Шаттық толы әр күні
Бақытты шақ, бал шырын.
Сахнаға «Жаңбыр» әнімен
Бірге: Сабинаны шақырамыз.
Өзбек биі Орынд: Айгөлек би тобы.
1 – Жүрг: Ұрпақты жалғастырар бала бағың
Күлкісімен келтірген өмір сәнін.
2 – Жүрг: Мерекеге арналған шуақ шашар
Бар өнерін көрсетсін балаларың.
Ендеше «Аналар алтын» әнімен жоғарғы топтың бүлдіршіндері Елдарды
Бірге: сахнаға шақырайық.
1 – Жүрг: Гүлбану сенің әжең бар қандай бақыттысың. Әжелердің жүрегі ыстық, алақаны жылы ғой, шіркін!
2 – Жүрг: Иә, даналықтың кені болған, пейілі мол, асыл да, ардақты әжелеріміз аман болсын!
1 — Жүрг: Ендеше сахна төрінде «Сағындым әже» әнімен
Бірге: Қуанышова Әлия
1 жүрг: Әуендерге қосылып
Кәне биле балақан.
2 жүрг: Қосылайық биіңе
Шапалақтап алақан
Сахнаға биші қыздарымызді «Домбыра» биімен қошеметтеп шақырамыз.
1 – Жүрг: Бүгінгі сахнадағыбалғындардың ерекше өнері мені де шабыттандырып тұрғаны.
2 – Жүрг: Мені де. Мынадай дүбірлеген думанда бір ән айтпай кетсек болмас.
1 – Жүрг: Дұрыс айтасың.Осы әнімізді барлық балғындарға арнайық.
«Көңілді күн» Орынд: Гүлфайруз, Гүлбану
1 – Жүрг: Аспан тұрса күлімдеп
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп
Балаларға сол бақыт
2 – Жүрг: Балаларға сол бақыт
Жүрсе алдында анасы
Болса мөлдір өзені
Болса байтақ даласы
1 – Жүрг: Бала — өміріңнің шырағы,
2 – Жүрг: Көңіліңнің айнасы,
1 – Жүрг: Еліміздің ертеңі,
2 – Жүрг: Ғұмырыңның жалғасы.
1 – Жүрг: Бала – ананың бақыты,
2 – Жүрг: әлемнің шаттығы,
1 – Жүрг: өмірдің бастауы
Туған елді көктететін, бейбіт күннің жаршысы бал-бөбектеріміз аман болсын.
2 – Жүрг: Қымбатты аналар ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін. Бірге: Әрқашан күн сөнбесін!
Осымен балаларыңыздың сіздерге арнаған мерекелік концерті аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
Концертке қатысушылар сахнаға шығады.. Хор. «Балабақша»

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Аир на какой праздник
  • Азы написания сценария мероприятия
  • Азотное шоу сценарий
  • Азотная пушка на детском празднике
  • Азовское море на майские праздники

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии